{metadescription}
Жамбы атудың шеберлері жүлдеге таласып жатыр

Жамбы атудың шеберлері жүлдеге таласып жатыр

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы сайысы өтіп жатыр. «Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда жамбы атудан кіл мықтылар бәсекеге түсуде.

Спортшылар жамбы ату спорт түрінің Мажар стилі бойынша бақ сынасып жатыр.

Сайысқа 27 мемлекеттен 78 спортшы қатысуда. Қазақстан құрамасы сапында Айтбек Сарыбай, Ералхан Айкөз, Батыр Бексауыт, Абзал Тулыбеков ел қоржынына жүлде салуға ниетті.

Айта кету керек, спортшыларымыз бұған дейін Әлем, Еуропа чемпионаттарында жүлделі орындарды иемденген.

Жамбы ату – ат үстіндегі дәстүрлі садақ ату спорты. Дәстүрлі ат үстінде садақ ату жарысы 4 стильде өткізіледі: кореи‌ стилі, түрік стилі, венгр стилі, қазақ стилі (жамбы ату). Команда құрамында 4 спортшы болады және әр стиль бои‌ынша бір спортшы сынға түседі. Жарыс жолының ұзындығы – 100 метр, ені – 3 метр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде