Ақтауда оқ жарақатын алған сарбаз мерт болды
Жас сарбаз қаруды ұстау ережесін сақтамау салдарынан жарақат алып, артынан қайтыс болған, деп жазады kazinform. Бұл ақпаратты Ақтау горнизонының баспасөз қызметі растады.
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform
15:16 08.09.2024
«2024 жылғы 7 қыркүйекте «Батыс» өңірлік қолбасшылығы бөлімшелерінің «Оймаша» полигонында өтіп жатқан жиын кезінде қаруды пайдалану ережелерін сақтамау салдарынан мерзімді әскери қызметші оқ жарақатын алып, қаза тапты», - делінген хабарламада.
Қазір қайғылы оқиғаның себебі анықталуда.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпараттар жариялауға жатпайды», - дейді Ақтау горнизонынан.
Сарбаз өліміне байланысты Қарулы күштер Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы мен жеке құрамы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!