Өзбекстанда, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында 3 балдық жер сілкінісі болды
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында бүгін, 9 қыркүйек сағат 09:41–де эпицентрінде күші 3 балға жететін жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Кабар ақпарат агенттігі.
12:39 09.09.2024
Қырғыз Республикасы ұлттық ғылым академиясы сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Көк-Таш ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 10 шақырым, Бұлақ-Башы ауылынан батысқа қарай 21 шақырым, Баткен қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 35 шақырым жерде орналасқан.
Қырғызстанның елді мекендерінде жер сілкінісінің күші Көк-Таш ауылында — 2,5 балл, Бұлақ-Башы ауылында шамамен — 2 балға жетті.
NOVA 24 Telegram арнасының хабарлауынша, Өзбекстан астанасы Ташкентте сағат 05:45–те магнитудасы 3,6 балдық жер сілкінісі сезілген.
Оның эпицентрі Мирзо-Ұлықбек аймағында болды, жерасты дүмпуінің күші 2 балды құраған.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!