{metadescription}
Әскерилердің өміріне қауіп төнбес үшін тиісті шаралар қабылданады

Әскерилердің өміріне қауіп төнбес үшін тиісті шаралар қабылданады

Әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ететін шаралар қабылданады.

Бұл туралы Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын таныстырған Премьер-Министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты.

«Құқық қорғау жүйесінде „Құқық бұзушылықтың профилактикасы туралы“ заң жобасын әзірлеу жоспарланған. Жол қауіпсіздігі жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту, зияткерлік жүйелерді енгізу және автомобильдердің техникалық жай-күйін тиісінше бақылау жолымен күшейтіледі.

Қорғаныс саласында Қарулы күштерде заңдылықты, құқықтық және әскери тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шара жоспарланған, бұл әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін басым түрде қамтамасыз етуге тиіс», — деді Нұрлан Байбазаров.

Оның атап өтуінше, мемлекеттік органдар, өңірлер Жалпыұлттық жоспардың әр бағытының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде