Денсаулық сақтау вице-министрі Ақтаудағы тамақтан уланған оқушылардың жағдайымен танысты
Маңғыстау облысына ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев және Астана медициналық университетінің дәрігерлері келді.
Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығынан
13:22 10.09.2024
Олар облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасына барып, тамақтан уланған оқушылардың жағдайымен танысып, қабылдау бөліміндегі мамандарының жұмысын көрді, деп жазады kazinform.
Вице-министрі Ержан Шәкірұлы балалардың денсаулығы жақсарып, тез қалпына келуі үшін сапалы медициналық көмек көрсетуді тапсырып, жағдайдың бақылауда екенін жеткізді.
Маңғыстау облыстық балалар көпбейінді ауруханасының директоры Гүлжан Ермекбаеваның айтуынша, жағдай тұрақталып келеді.
– Дәрі-дәрмек қоры мен төсек-орын жеткілікті. Медициналық қызметкерлер эпидемиологиялық жағдайға байланысты түнгі кезекшілікпен жұмыс істеуде. Қабылдау бөліміне келіп жатқан балалардың саны да азайып келеді. Бүгін 15 шақты бала үйлеріне шығарылуы мүмкін, - дейді Гүлжан Ермекбаева.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!