Әлі де 75 оқушы ауруханада жатыр: Министр Маңғыстауда тамақтан уланған балалардың жағдайын айтты
Маңғыстау облысында тамақтан уланған 387 бала амбулаторлық ем алып жатыр.
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
13:25 10.09.2024
Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты.
«6 қыркүйек күні Маңғыстау облысы аудандарының бірінде мектеп жасындағы балалардың жаппай улануы тіркелді. Бүгінде жалпы 462 бала медициналық көмекке жүгінді. Оның ішінде 92 бала ауруханаға жатқызылды. 17 бала ауруханадан шықты. Жансақтау бөлімінде жатқан 2 бала денсаулық жағдайының тұрақталуына байланысты жалпы бөлімшеге шығарылды. 387 бала амбулаторлық ем алып жатыр. Оқиға орнында денсаулық сақтау вице-министрі жұмыс істеуде», - деді министр.
Оның атап өтуінше, Алматы мен Астанадан арнауыл мамандар тобы Маңғыстау облысына жіберілді.
«Өлім-жітім жоқ. Жағдай тұрақты, балалардың денсаулығы жақсарып келеді», - деді Ақмарал Әлназарова.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!