{metadescription}
ЖОО-лар мен колледждердің білім бағдарламаларын үйлестіруге ерекше назар аударылады - министр

ЖОО-лар мен колледждердің білім бағдарламаларын үйлестіруге ерекше назар аударылады - министр

60 мыңнан астам мектеп оқушысы edunavigator.kz платформасы негізінде кәсіби диагностикадан өтті. Бұл туралы Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті. 

«Ғылым және жоғары білім министрлігі Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, сұранысқа ие мамандарды даярлау саласында тиімді өзара іс-қимыл орнату бойынша жұмыс атқарып жатыр. Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өткендей, алдымен су ресурстары, құрылыс, энергетика және басқа да салалардағы мамандардың жетіспеушілігін жойып, осы бағыттар бойынша болашақ мамандарды даярлауды қолға алу қажет. Аталған жұмыс келесі бағыттар бойынша жүргізіледі. Біріншіден, жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл арқылы олардың талаптары мен сұраныстарына сәйкес мамандарға қажеттілікті анықтау, даярлау процесін болжау және жоспарлау. Екіншіден, академиялық артықшылық моделі негізінде университеттер колледждермен бірігіп, маман даярлау үлгісіне көшуі ескерілген. Үшіншіден, үздік халықаралық тәжірибелер мен технологиялар негізінде білім беру бағдарламаларын үйлестіру», - деді С. Нұрбек.

Оның айтуынша, бірінші бағыт бойынша кадрларды даярлау мен инновацияларды дамытудың басым бағыттары «Мамандығым – болашағым» жобасы шеңберінде өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып айқындалады. Бұл жоба еңбек нарығындағы өзгерістерді бақылауға, болжауға және оларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. 2021 жылдан бастап білім беру жүйесін кадрларды даярлаудың озық моделіне қайта форматтау мақсатында Қазақстанның жаңа кәсіптері мен құзыреттерінің атласы әзірленді. Бүгінде атлас Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесінің маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Жаңа кәсіптер атласы орта мектептер, колледждер және жоғары оқу орындары үшін кәсіби бағдарлаудың негізі болып қана қоймай, сонымен қатар жаңа кәсіптік стандарттар мен оқу бағдарламаларын әзірлеуге арналған платформаға айналды.

«5 өңірде (Павлодар, Маңғыстау, Қарағанды облыстары, Астана және Алматы қалалары) Өңірлік кәсіп атластары әзірленді. Оларда 268 жаңа мамандық айқындалды. 60 мыңнан астам мектеп оқушысы edunavigator.kz платформасы негізінде кәсіби диагностикадан өтті. 66 жоғары оқу орны мен колледждерде Жаңа Кәсіптер Атласы негізінде 211 білім беру бағдарламасы енгізілді. Жергілікті жоғары оқу орындарының базасында жұмыс берушілердің сауалнамаларына сүйене отырып, Кәсіптер атласы негізінде жоғары оқу орындары мен колледждер үшін кадрлар даярлаудың өңірлік карталары мен жаңа бағдарламаларын әзірлеумен айналысатын құзыреттілік орталықтары құрылды. Кадрларды даярлау мәселелерінде жұмыс берушілермен өзара іс-қимылдың мұндай моделі өткен жылы қабылданған «Кәсіптік біліктілік туралы» жаңа заңда бекітілген. Павлодар облысы өңірлік атласты алғашқылардың бірі болып енгізді. Атласты енгізу аясында өңірдің 20 кәсіпорны мен 15 пилоттық колледждің өзара іс-қимылы жүзеге асырылды. Нәтижесінде, 40 перспективті мамандық бойынша 25 жаңа оқу бағдарламасы әзірленді», - деді С. Нұрбек.

Министрлік мәліметіне қарағанда, «Мамандығым-болашағым» жобасы 5 өңірде іске асырылды (Павлодар, Маңғыстау, Қарағанды обл., Астана, Алматы ққ.). Биылдың аяғына дейін жоба тағы 3 өңірде – Ақтөбе, Жамбыл, Алматы облыстарында жүзеге асырылады. 2025 жылдың соңына дейін Атырау, Қостанай, Түркістан, Ұлытау, Жетісу облыстарында іске асырылатын болады. Қалған өңірлерде жоба әзірленіп жатыр.

«Ғани Бектайұлы (Оқу-ағарту министрі) атап өткен әрбір макроөңір үшін басым мамандықтар айқындалды және колледждермен әріптестікті нығайту мақсатында жоғары оқу орындары бекітілді. Сонымен қатар, жаңа «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заң өңірлік ғылымды дамытуға ықпал етеді, бұл колледж-университет-кәсіпорын экожүйесін құруға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде еліміздің жетекші 30 жоғары оқу орны аралас білім беру бағдарламаларын іске асыратын 100-ге жуық колледжбен әріптестік орнатты», - деді Саясат Нұрбек.

Сонымен қатар ол жоғары оқу орындары мен колледждердің білім беру бағдарламаларын үйлестіруге ерекше назар аударылатынын айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде