{metadescription}
Ерік Тұрсынғалиев Ақтөбе облысы қаржы басқармасына басшы болып тағайындалды

Ерік Тұрсынғалиев Ақтөбе облысы қаржы басқармасына басшы болып тағайындалды

Ақтөбе облыстық қаржы басқармасының басшысы қызметіне Ерік Теміржанұлы Тұрсынғалиев тағайындалды.

Ол биыл сәуір айынан бастап Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Асхат Шахаров жаңа басшысыны актив отырысында таныстырды. 

— Ерік Тұрсынғалиевтің алдына бюджеттің тиімді атқарылуы, бюджет қаражатын пайдалану мониторингін жүргізу, коммуналдық меншіктегі нысандар мен мемлекеттік активтерді оңтайлы басқару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру секілді бірқатар міндет жүктеді, — деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Ерік Тұрсынғалиев 1988 жылы дүниеге келген.

Білімі жоғары. 2009 жылы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын, 2010 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, 2013 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2009 жылы «Olympex Advisers» ЖШС ассистент, кеңесші болып тастаған

2012-2015 жылдары аралығында ҚР Қаржы Министрлігінің Қаржы бақылау комитетінің сарапшысы, бас сарапшысы, 2015 — 2018 жылдары аралығында ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шығыс Қазақстан облысы және Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменттері басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2018-2024 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі, төрағасы болып қызмет етті. 

2024 жылдың сәуір айынан бастап осы уақытқа дейiн Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде