{metadescription}
Бейнеу ауданында 16 бала тамақтан уланды

Бейнеу ауданында 16 бала тамақтан уланды

Оқиға кеше 12 қыркүйек күні болған. Сағат 18:34 шамасында Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу ауылындағы Жұмағали Қалдығараев атындағы жалпы орта мектептің 16 оқушысының іші ауырып, аудандық жедел жәрдем бөлімшесіне жүгінген. 

«Қабылдау бөлімінде балаларға оральды регидратация және инфузионды терапия жасалды. Сағат 21:43–тегі жағдай бойынша 16 бала үйіне қайтарылды. Оқушылардың денсаулығы бірқалыпты. Бүгін барлығы мектепке барды», — деп жазылған облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада. 

Сондай-ақ, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының маманадары мектептегі астан, ауыз судан сынама алып, сараптамаға жіберген. 

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде