{metadescription}
Танымал актриса Күләш Қажығалиева өмірден өтті

Танымал актриса Күләш Қажығалиева өмірден өтті

ҚР Еңбек сіңірген артисі, Ерен еңбегі үшін және «Еңбек ардагері» медальдерінің иегері Күләш Қажығалиева өмірден өтті.

Бұл туралы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры хабарлады.

«Өнердің аңыз, театрымыздың абыз анасынан айырылу – орны толмас үлкен қайғы. Отбасы мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыз», - деп хабарлады театрдан. 

1969 жылдан бастап тынбай еңбек етіп, жемісті жұмыс істеген актриса Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожасында» – Жанар, «Қызыл сұңқарларда» – Маруар, Иран-Ғайыптың «Қорқыттың көрінде»  – Қамқа шеше, Ш.Айтматовтың «Ыстықкөл трагедиясында» – Кемпір, «Ақ кемеде» – Кемпір, С.Балғабаевтың «Қыз жиырмаға толғандасында» – Ғани, Ә.Таразидің «Жақсы кісісінде» – Балзия, О.Бөкейдің «Атау-Кересінде» – Марфа, «Ауылдан келген аруда» – Сәндігүл, С.Балғабаевтың «Ең алғашқы Жаңа жылында» – Әже, А.П.Чеховтың «Шағаласында» – Полина Андреевна және т.б. рөлдерді сәтті сомдаған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде