Осы демалыста күн 32 градусқа дейін жылынады
Қазгидромет синоптиктері 14-16 қыркүйек аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.
16:10 13.09.2024
Демалыс күндері әлі де ауқымды антициклон Қазақстан аумағының көп бөлігін қамтиды, сол себептен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Тек елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады: республиканың шығысында түнгі уақытта жауынның соңы қарға ұласуы мүмкін.
Республика бойынша жел күшейеді.
Түнгі және таңертеңгі сағатта елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында тұман түседі.
16 қыркүйекте топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.
Күндіз ауа температурасы: республиканың батысында +20+30°С, солтүстік-батысында +12+25°С, шығысында +5+18°С, оңтүстігінде +23+32°С, елдің солтүстігінде және орталығында +15+23°С-тан +10+18°С, оңтүстік-шығысында +10+23°С-тан +15+27°С-қа дейін көтеріледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!