Ғарышқа ұшқан алғашқы туристер Жерге оралды
Алғаш рет коммерциялық рейспен ғарышқа аттанған туристер жерге сәтті оралды, деп хабарлайды немістің BILD басылымы.
Фото: SpaceX
17:31 15.09.2024
Polaris Dawn жеке ғарыш миссиясы сәтті аяқталды. SpaceX компаниясының Crew Dragon ғарыш кемесі жексенбі күні таңертең теңізге қонды.
Компанияның мәліметінше, олар түскен жер Флориданың оңтүстігіне жақын маңда.
Миллиардер Джаред Айзекман және тағы үш әуесқой ғарышкердің саяхаты 10 қыркүйекте басталған болатын.
Флориданың батыс жағалауындағы Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан ұшырылғаннан кейін Crew Dragon шамамен 1400 шақырым биіктікке көтерілді.
SpaceX айтуынша, бұл — 1970-ші жылдардың басында айға жол тапқан Аполлон ғарыш бағдарламасы арқылы жасалған соңғы ұшырылымнан бергі жерге дейінгі ең үлкен арақашықтық.
Мысалы, ондаған жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан ХҒС ғарыш станциясы шамамен 400 шақырым биіктікте орналасқан.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!