Екі жолаушы пойызы соқтығысты: 3 адам қаза тауып, 49 адам жарақат алды
Мысырдың Шаркия провинциясында екі пойыздың соқтығысуы салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 49 адам жарақат алды, деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі.
Фото: Синьхуа
10:41 16.09.2024
Оқиға орнына 39 жедел жәрдем көлігі жіберілді.
Мысыр Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасап, жарақат алған 44 адамның денсаулық жағдайы қалыпты екенін айтты. Жақында олар ауруханадан шығарылады. Тағы бес адам қосымша бақылауды қажет етеді.
Шаркия губернаторы Хазем әл-Ашмунидің хабарлауынша, барлық жолаушылар екі пойыздан эвакуацияланған және теміржол желісіндегі пойыздар қызметін қалпына келтіруге күш салынып жатыр.
Мысырдың Ұлттық теміржол басқармасының атап өтуінше, апаттың техникалық себептерін анықтау үшін теміржол мамандары жұмылдырылған комитет құрылған.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!