{metadescription}
Жанат Элиманов Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Фото: primeminister.kz
16:39 16.09.2024
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Cондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!