Арыста әскери қызметші травматикалық қарудан жарақат алды
Арыс гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінде келісімшарт бойынша қызмет атқаратын әскери қызметші травматикалық қарудан басынан жарақат алды.
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform
13:22 17.09.2024
Оқиға 16 қыркүйек күні тәуліктік кезекшілікті атқару кезінде болды. Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, келісімшарт бойынша әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал аясында өз-өзіне қол жұмсамақ болған.
«Жарақат алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Келісімшарт бойынша әскери қызметші аудандық ауруханаға жеткізілді. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қазіргі уақытта денсаулық жағдайы тұрақты-ауыр деп бағаланып отыр. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», - делінген ақпаратта.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!