{metadescription}
Жамбылдағы жол апаты: 7 адам, оның ішінде 2 жасар бала мерт болды

Жамбылдағы жол апаты: 7 адам, оның ішінде 2 жасар бала мерт болды

Жамбыл облысында жол-көлік апаты салдарынан 7 адам, оның ішінде 2 жасар бала мерт болды.

Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова айтты.

«2024 жылдың 16 қыркүйегінде сағат 18:30 шамасында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» республикалық маңызы бар автожолдың 526 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Cadillac Escalade көлігінің жүргізушісі алдыңғы көлікті басып озып, қарсы бағытқа шығып кетуі салдарынан қарама-қарсы келе жатқан DAF жүк көлігімен соқтығысып қалған. Соның салдарынан Cadillac Escalade қайта өз жолағына түсіп, Газель көлігіне қағылған. Жол апатынан кейін екі көлік те бірден өртеніп кетті. Оқиға орнында 37 жастағы Газель жүргізушісі мен 30 жастағы Cadillac Escalade жүргізушісі және оның 5 жолаушысы қаза тапты. Оның ішінде екі жасар бала бар», - деді ол Жамбыл облысты ПД-ның Facebook парақшасында жарияланған видеода. 

ПД өкілінің дерегінше, аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

«Жамбыл облыстық полиция департамет жол ережесін қатаң сақтауды ескертеді», - деді Гүлсара Мұхтарқұлова.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде