Павлодарда сұлы өнімін қымбатқа сатқан дүкендер желісіне қомақты айыппұл салынды
Жергілікті дүкендердің бірі бағасы 195 теңге тұратын сұлы қауызын 405 теңгеге сатқан.
Фото: freepik.com
09:35 18.09.2024
Өзінің алданып қалған түсінген тұтынушы өңірлік сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағым түсірді. Павлодар қаласының тұрғыны сұлы жармасын өз бағасынан 210 теңгеге қымбатқа сатқан дүкеннің үстінен шағымданған. Өңірлік сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті соған сәйкес кәсіпкерлік субъектісіне кезектен тыс тексеріс жүргізді.
- Сатып алушыға бағасы 195 теңге тұратын сұлы қауызы 405 теңгеге берілгені анықталды. Департамент тұтынушының шағымына сәйкес, дүкендер желісіне тексеріс жүргізіп, нәтижесінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, кемшіліктерді жою туралы ұйғарым жіберілді. Сауда желісіне 369 200 теңге айыппұл салынды, - деп хабарлады Өңірлік сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінен.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!