Алматыда электр қуатының бағасы неліктен күрт өсті
Алматылықтар тамыз айында электр энергиясының ерекше қымбаттағынын айтып, шағымданды. «АлматыЭнергоСбыт» компаниясы тұрғындардың шағымына жауап берді.
Фото: Pixabay.com
10:41 18.09.2024
Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі шілде айында электр қуаты үшін 6 мың, ал тамыз айында 16 мың төлегенін айтты. Бейнежазбаға пікір білдірген алматылықтар мұндай өздерінде де болғанын жазды.
– Тамыз айының квитанциясы 13 800 теңге болды. Алайда біз үйде мүлдем болмаймыз, тек кешке келіп, кешкі астан кейін ұйықтаймыз, - деп пікір білдірді ол.
«АлматыЭнергоСбыт» компаниясы электр қуатының төлемі күрт өсуіне 3 себеп бар екенін хабарлады.
– Электр энергиясы төлемдерінің жоғары сомаларының 3 типтік себебі бар: күннің ерекше ыстық болуынан кондиционерлерді қолдану көбейді. Сондай-ақ тұтынудың күрт өсуі, соның ішінде күннің қысқаруына байланысты. Үшіншіден, балалар жазғы демалыста болды, - деп хабарлады мекеме.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!