Президент Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында сауда-логистикалық кешен салу туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы «Қарасу» және «Ақ-Тілек» автожол өткізу пункттері ауданында индустриялық сауда-логистикалық кешенді құру және оның қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Фото: akorda.kz
18:13 18.09.2024
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Мақұлданған заң Қазақстан мен Қырғызстан арасында өндіріс, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту салаларындағы ынтымақтастықты арттыруға ықпал етеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!