Ғалым Әшімов Теміртау қаласының әкімі болып тағайындалды
ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Теміртау әкімі болып Ғалым Әбіханұлы Әшімов тағайындалды.
Фото: Теміртау әкімдігі
18:48 18.09.2024
Қарағанды облысының басшысы Ермағанбет Бөлекпаев жаңа қала басшысын таныстырды.
"Құрметті жерлестер, сенім артқандарыңыз үшін алғысымды айтамын. Менің алдыма үлкен міндеттер қойылып отыр. Сіздермен бірлесіп, оларды шешетін боламыз", - деді Ғалым Әшімов.
Ғалым Әшімов 1968 жылы туған. Еңбек жолын 1989 жылы бастаған. Жәйрем тау-кен байыту комбинатында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.
2000 жылдан бастап мемлекеттік қызметте – Қарағанды облысының Жәйрем кентінің әкімі. Содан кейін «Өркен» ЖШС-де директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары, коммерциялық бөлімнің бастығы, логистика жөніндегі директоры, логистика бөлімінің бастығы, «Жәйрем КБК» АҚ президентінің логистика жөніндегі көмекшісі болып жұмыс істеді.
2010 жылдан 2013 жылға дейін Қаражал қаласының әкімі қызметін атқарды, Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы болды, Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасын, сондай-ақ Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасын басқарды.
2013 жылдан 2015 жылға дейін – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
2015 жылдан 2020 жылға дейін – Теміртау қаласының әкімі, Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы.
Осы тағайындауға дейін «Имсталькон» АҚ-да жұмыс істеді.
Ораз Тәуірбеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Ол бірге жұмыс істеп, қызметтес болғандардың барлығына алғысын айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!