{metadescription}
Whatsapp арқылы қазақстандықтарды 90 млн теңгеге алдап кеткен алаяқтар ұсталды

Whatsapp арқылы қазақстандықтарды 90 млн теңгеге алдап кеткен алаяқтар ұсталды

Қарапайым қазақстандықтарды 90 млн теңгеге алдап кеткен павлодарлықтар тұтқындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

47 жастағы және 34 жастағы әйелдер WhatsApp-тан топтар ашып, алаяқтық іс әрекеттерін жүзеге асырып келген. Бүгінде олар тұтқындалды, келтірілген шығын көлемі 90 млн теңге.

"Сеніп, ақша салған азаматтарға 20-30%-дық өсіммен ақша шотқа түскеннен кейінгі, жеті күн ішінде қайтарылады деп уәде берген".ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Бірнеше ай бойы қазақстандықтар 10-нан 500 мың теңгеге дейін аударған. Нәтижесінде алаяқтар 20 азаматты жалпы сомасы 90 млн теңгеге алдады. Сот оларды алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, Абай облысының әйелдер колониясында бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Қазір олар жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеу бойынша шаралар қабылдауда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде