{metadescription}
СҚО-да анасы пышақтаған 11 жасар қыздың беті бері қарады

СҚО-да анасы пышақтаған 11 жасар қыздың беті бері қарады

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында анасы пышақтаған 11 жасар қыз есін жинады.

Әзірге жансақтау бөлімінде жатыр. Пышақ жарақатын алған қыз 18 қыркүйек күні кешке СҚО көпбейінді балалар ауруханасына санавиациямен жеткізілді. 

«17 қыркүйек күні Уәлиханов аудандық ауруханасына 11 жасар қыз пышақ жарақатымен түсті. Санавиациямен облыстан мамандар – хирургтер, соның ішінде тамыр хирургі, штаттан тыс реаниматолог дәрігер келді. Сол жерде ота жасалып, жағдайы тұрақтанғанға дейін бір тәулік аудандық ауруханада болды. 18 қыркүйек күні кешке санавиациямен, реаниматологтың бақылауында облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды», - дейді СҚО көпбейінді балалар ауруханасы директорының міндетін атқарушы Александр Гассман.

Дәрігердің айтуынша, қазіргі уақытта баланың беті бері қарады, есін біледі. Өкпені жасанды желдету аппаратымен демалып жатыр. 

«Әзірге тәулік бойы біздің бақылауымызда. Бірақ, өміріне келер қауіп жоқ. Бірер күнде, жағдайы тұрақтанған соң профильді бөлімге ауыстырамыз», - дейді Александр Гассман. 

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде