Павлодарда колледж студенті оқытушыға пышақ жарақатын салды
Павлодардағы колледжердің бірінде оқитын студент өз оқытушысына пышақ жарақатын салған.
Фото: pexels.com
15:00 19.09.2024
2007 жылы туған бозбала ұсталып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оқыс оқиға туралы Павлодар облысының білім беру басқармасы хабарлады.
«Павлодар колледжінің 2007 жылы туған студенті Павлов көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында педагогті пышақпен жарақаттаған. Оқытушыға медициналық көмек көрсетілді. Бозбаланы құқық қорғау органының қызметкерлері ұстап, оның оқытушыға шабуылдауына не себеп болғаны анықталып жатыр», - деп мәлімдеді Білім беру басқармасынан.
Өңірлік Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шегуші азаматтың жағдайы қалыпты екенін хабарлады.
«Зардап шегуші №1 Павлодар қалалық ауруханасының хирургиялық бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Арқа тұсынан жарақаттанған, дәрігерлер оның денсаулығын қалыпты деп бағалады. Жарасы таңылып, тиісті медициналық тексерулер жүргізілді», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!