{metadescription}
2 жылдан кейін әуе таксилері іске қосылады

2 жылдан кейін әуе таксилері іске қосылады

2026 жылдың бірінші тоқсанында Дубайда әуе таксилері жұмыс істей бастайды.

Бұл туралы Дубай көлік және жол басқармасының көліктік технологиялар департаментінің директоры Халид әл-Авади хабарлады.

– Біз әуе такси қызметін 2026 жылдың бірінші тоқсанында іске қосуды жоспарлап отырмыз. Қазір біз АҚШ-тың Joby Aviation компаниясымен көлікті сынау және сертификаттау бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Біз сондай-ақ «вертипорттарды» дамытатын британдық Skyports компаниясымен станция жобасын бастаймыз, – дейді ол.

Халид әл-Авадидің айтуынша, Дубайда төрт такси әуежайын салу жоспарда бар. Оның екеуі 2026 жылдың басында іске қосылады. Инфрақұрылымдық нысандардан басқа, әуе таксилерінің мониторингі мен күзет қызметі де құрылады.

– Біз серіктестерімізбен осы қызметті барынша ыңғайлы ету үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бұл кәдімгі тікұшақтарды пайдаланудан әлдеқайда арзан болады деп ойлаймыз. Бұл лимузинді жалға алудан да арзанырақ болады немесе соның бағасымен тең болады, – дейді Авади.

Ол электр қозғалтқыштары бар әуе таксилері әдеттегі тікұшақтарға қарағанда 100 есе аз шу шығаратынын атап өтті. Ал General Motors компаниясымен бірлесіп жасалып жатқан жүргізушісіз таксилер 2025 жылы жұмысын бастайды. Қазір олар сынақтан өтіп жатыр.

– Біз 2026 жылға қарай гибридті және электр қозғалтқыштары арқылы лимузин қызметін толығымен экологиялық таза етуді жоспарлап отырмыз. Жоспарларға сәйкес, 2035 жылға қарай Дубайдағы барлық таксилер, ал 2050 жылға қарай бүкіл автобус паркі тек электр қозғалтқыштары бар автобустардан тұрады, – дейді Авади.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде