{metadescription}
Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза болды

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза болды

Абай облысындағы Орлов шахтасында тау жынысы опырылып, 1 адам қаза болды.

Жазатайым оқиға туралы KAZ Minerals Тобы компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. 

«19 қыркүйек күні шамамен сағат 14.20-да Орлов шахтасында кәсіпорынның екі қызметкері жарақат алды. Алдын-ала дерек бойынша бұған – тау-кен массасының опырылуы себеп болған. Алған жарақаттардың салдарынан зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды. Екінші қызметкер медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді», - делінген ақпаратта

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Қайғылы жағдайды тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды. KAZ Minerals Тобы Директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук жазатайым оқиғаны тергеуге қатысу үшін өңірге барды.

«KAZ Minerals Тобының басшылығы мен ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Компания қаза болған қызметкердің отбасына жан-жақты көмек көрсетеді», - делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде