Парламент ғимараты су астында қалды
Мажарстан астанасы Будапештте Дунай өзені арнасынан асып, қала орталығындағы жағалауларды су басты.
Фото: REUTERS
10:54 20.09.2024
Басылымның мәліметінше, апта басынан бері елдің шығыс жазығындағы төменгі жағалаулар көлік қозғалысы үшін жабылған. Қазір су деңгейі бір метрге жуық көтерілген. Жағалау аймағының бірқатар бөліктерімен бірге Мажарстан парламенті ғимаратының алдын су басқан, орындықтар, бағаналар мен бағдаршамдардың жартысы су астында қалды.
Желтоқсан, маусым айларында су басқан «Дунайдағы бәтеңкелер» ескерткіші әлі де терең су астында жатыр. Жағалай егілген ағаштар аллеясы аралға айналды.
Будапешттегі төменгі жағалаулардың биіктігі шамамен алты метр екені атап өтілді. 21 қыркүйекте Дунайдағы судың максималды деңгейі шамамен 8,5 метрге жетеді деп жоспарланған. Қала орталығындағы өзеннің әдеттегі деңгейі 3,5 метр.
18 қыркүйекте Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан елдің су тасқынының ең ауыр кезеңіне жеткенін, ол шамамен бір аптадан кейін аяқталуы тиіс екенін мәлімдеді.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!