{metadescription}
Қазақстан тау курорттарының халықаралық марапаттауында ең көп марапат алды

Қазақстан тау курорттарының халықаралық марапаттауында ең көп марапат алды

SKI BUSINESS AWARDS нұсқасы бойынша, Шымбұлақ пен Oi-Qaragai ТМД елдерінің 150 тау курортының арасында ең көп марапатқа ие болды.

Шымбұлақ тау курорты «ТМД елдері арасындағы үздік тау-шаңғы курорты» марапатына лайықталды, сондай-ақ «Таулы аймақтағы үздік глемпинг/кемпинг» номинациясын жеңіп алды. Oi-Qaragai курорты «Үздік ІТ-шешім» және «Үздік балалар лагері бағдарламасы» марапаттарын иеленді.

Марапаттау 3-6 қазан аралығындағы Минералды Судағы туристік аймақтардың халықаралық форумы аясында өтті, онда туристтік саланың сарапшылары кәсіби тәжірибесін бөлісіп, нарық қатысушылары серіктестігінің және ТМД елдерінің шетелдік серіктестерімен туристік инфрақұрылым құруының жаңа форматтарын талқылады.

Марапаттау 2023-2024 жылғы маусымның қорытындысы бойынша берілді. Шешім бірнеше кезеңде қабылданды – таулы индустрияның беделді мамандарының комиссиясының алдында жоба қорғау, сондай-ақ тау-шаңғы демалысын ұнататындар арасында дауыс беру арқылы.

«ТМД-ның жыл сайынғы Ski Business Awards марапаттауында басқа 150 курорттың арасында біздің курорт тағы да үздіктер қатарынан табылды! Біз бірден екі номинацияда жеңіске жеттік: «Үздік глэмпинг/кемпинг» және ерекше қуантқаны: ең мәртебелі санат – «ТМД елдерінің үздік курорты». Жеңімпаздарды анықтау бірнеше кезеңнен тұрды: дауыс беру және сарапшылар комиссиясының алдында қорғау. Командамызды осы айтулы жетістікпен құттықтаймын! Үш жыл қатарынан ең мәртебелі номинация Қазақстанға кетіп жатыр! Бұл – ғажап нәтиже және біздің жұмыстың жоғары деңгейінің дәлелі. Осы жетістікке жетуге ат салысқандардың бәріне рахмет! Қазақстандықтар, біздің қолымыздан келді!», - деп Шымбұлақ ТК бас директоры Ринат Абдрахманов пікір білдірді.

Салтанатты шарада марапат ұсыну туралы Oi-Qaragai курортының PR бөлімінің жетекшісі Максим Козлов та пікірін айтты:

«Курорт командасы келген адамдарға қызметтерді алу жеңіл және жайлы болуы үшін, және осы қызметтерді көрсету деңгейі жоғары болуы үшін қызмет көрсету сапасын үнемі жақсартып отыруға тырысады. Курортты ІТ салада үздік деп тану – үлкен құрмет, өйткені қазіргі уақытта Курорт кеңейіп, жаңа Ақтас локациясын ашып жатыр. Бұл – 55 шақырым жаңа жол, жаңа арқан жолдар және жаңа аймақтар. Процесстерді оңтайландыру – басты міндеттердің бірі. «Тау курортындағы балалар лагерінің үздік бағдарламасы» марапаты – айрықша жетістік, ол осы бағытты құрушыларға тиесілі. Қонаққа тек жоғары деңгейдегі қызметті ұсыну үшін барын салатын солар».

Анықтама:

Шымбұлақ – жыл сайын 1,5 миллионнан астам қонақ қарсылайтын және ірі спорттық шаралар өткізу тәжірибесін бөлісе алатын, курорттық аумақтың барлық әлемдік стандарттарына сай, инфрақұрылымы дамыған Қазақстанның басты көрікті орындарының бірі.

Одан бөлек, 2023 жылы наурызда Шымбұлақ ТК әлемдегі ең биік түнгі тау-шаңғы беткейі болып, Гиннес рекордын орнатты, беткейдің биіктігі – 3200 метр.

Shymbulak Medeo Camp – Шымбұлақ тау курорты аумағындағы бірегей қонақ үй кешені. Ол – отбасымен табиғатта жайлы демалуға арналған мінсіз орын, сондай-ақ бизнес-шаралар, тимбилдингтер және салтанатты шаралар алаңы.

Oi-Qaragai — Тянь-Шань беткейлеріндегі көркем жерде орналасқан Қазақстанның ең танымал тау курорттарының бірі. Курорт шаңғышылар мен сноубордшыларға түрлі сырғанау жолдарын, заманауи көтергіштер және дамыған инфрақұрылымын ұсынады. Сондай-ақ Oi-Qaragai отбасы демалысына айрықша көңіл бөліп, балалар мен жасөспірімдерге бағдарламалар ұсынады. Курорт жаңа технологияларды және ІТ-шешімдерді белсенді енгізуде, ол сонысымен аймақтағы тау-шаңғы туризмі саласында көшбасшылардың бірі болып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде