{metadescription}
«Саяқ-3» шахтасындағы оқиға: үшінші шахтердің жағдайы орташа ауыр

«Саяқ-3» шахтасындағы оқиға: үшінші шахтердің жағдайы орташа ауыр

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Саяқ-3» шахтасында көмірқышқыл газы шығуы салдарынан зардап шеккен үшінші кеншінің жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Кazinform.

Дәрігерлер хабарлағандай, «Саяқ-3» шахтасында көмірқышқыл газының шығуы салдарынане зардап шеккен кеншілердің бірі қатты уланған. Қазір ол Балқаш қаласының ауруханасында жатыр. 

«Зардап шеккен қызметкер Балқаш қаласының көпсалалы ауруханасына түсті. Алдын ала диагноз: көміртегі тотығымен қатты улану. Жалпы жағдай интоксикация синдромы салдарынан орташа ауырлық дәрежеде деп бағаланады. Науқасқа барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде», - деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде