{metadescription}
Павлодарда өртенген үйден ер адамның мүрдесі табылды

Павлодарда өртенген үйден ер адамның мүрдесі табылды

Павлодар облысының Малиновка ауылында өртеніп кеткен үйден ер адамның мүрдесі табылды.

1969 жылғы марқұм аталған үйде жалғыз тұрған. Шарбақты ауданы Малиновка ауылында 1969 жылғы ер адам өз үйінде тосыннан болған өрттен көз жұмды. Оқиға бүгін таңертең болған.

«14 қазан күні сағат 06.12-де Шарбақты ауданы Малиновка ауылындағы жер үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, жалынды сөндіруге кірісті. Алаңы 15 шаршы метр аумақта ағаш еден және терезе жақтаулары өртенген. Өрт сөндіру барысында үйден 1969 жылғы ер адамның мүрдесі. Ол аталған үйде жалғыз тұрған. Өртке ӨСБ-7 күштері мен құралдары жұмылдырылды. Оқиғаның себебі анықталып жатыр»,- деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Мамандар өрттің шығуына үйдегі пеш немесе темекі тұқылы себеп болуы мүмкін екенін айтады. Бұған дейін Павлодарда 34 жасар әйел иіс тиіп көз жұмғанын жазған едік.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде