Елімізде ресми тіркелген жұмыссыздар саны қанша
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова елімізде кімдер жұмыссыз деп саналмайтынын түсіндірді.
Фото: shutterstock.com
14:41 14.10.2024
Бүгін Мәжілісте кадрлық әлеуетті нығайту тақырыбында өткен Үкімет сағатынан кейін тілшілер министрден Қазақстан бойынша жұмыссыздар тізімінде тұрған адамдардың саны туралы сұрады.
«Біздің органдарда тізімде тұрғандардың саны 321 адамды құрады. 8 санатқа енгендер жұмыспен қамтылған деп есептеледі. Яғни жалдамалы жұмыстағылар, жеке кәсіпкерлігі барлар, акционерлік қоғам ашқандар және жеке шаруашылылықта қызмет етіп жүргендер, сондай-ақ тәуелсіз жұмысшы атанғандар жұмыссыз деп саналмайды. Егер өзінің еңбегі үшін ақы алып жүрсе, бұл адамдар жұмыссыз деп есептелмейді», - деді С. Жақыпова.
Оның айтуынша, еліміз бойынша 2,5 млн адам әлеуметтік мәртебесін көрсетпеген.
«184 мың отбасы тұрғылықты үйін тіркемеген, сондай-ақ жұмысын нақты белгілемеген. Дегенмен олардың арасында өмір сүру жағдайы жақсы адамдар баршылық», - деді министр.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!