{metadescription}
Алматыда АҚШ-тан пошта сәлемдемесі түрінде жеткізілген есірткінің ірі партиясы анықталды

Алматыда АҚШ-тан пошта сәлемдемесі түрінде жеткізілген есірткінің ірі партиясы анықталды

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматыда АҚШ-тан пошта сәлемдемелері түрінде әкелінген есірткінің ірі партиясын әшкереледі.

Жедел іс-шаралардың нәтижесінде Алматы, Петропавл, Семей, Көкшетау, Шымкент және Өскемен қалаларында халық тұтынатын тауарлар түрінде жасырылған есірткі заттары бар («марихуана» және «каннабис сығындысы») АҚШ-тан келген пошта жөнелтілімдерін ел аумағында өткізу мақсатында алған азаматтар ұсталды.

Нәтижесінде заңсыз айналымнан шамамен 8 кг марихуана және 15 кг-ға жуық каннабис сығындысы (гашиш майы) тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, ҚР он азаматы ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды.

Жедел-тергеу шаралары Бас көлік прокуратурасын үйлестірумен жүргізілді.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Жыл басынан бері агенттік есірткі айналымы фактілері бойынша 93 қылмыстық іс тіркелген. Заңсыз айналымнан 52 кг есірткі тәркіленді, оның ішінде гашиш – 8,7 кг, марихуана – 4,8 кг. 

Сонымен қатар 1,7 кг психотроптық заттар тәркіленді (пирролидин – 974 гр., тетрагидроканнабинол - 780,3 гр., метамфетамин-1,26 гр.), анаболиктер (улы зат) – 206 мың дана және «Тропикамид» көз тамшылары-1 680 дана.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде