{metadescription}
ШҚО-да алаяқтар әкімдік қызметкерлері атынан халықтан ақша сұрап жатыр

ШҚО-да алаяқтар әкімдік қызметкерлері атынан халықтан ақша сұрап жатыр

Шығыс Қазақстан облысында алаяқтар желіде әкімдік қызметкерлері атынан парақшалар ашып, халықтан ақша сұрап жатыр.

«Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде орталық және жергілікті мемлекеттік мекеме басшылары атынан фейк парақша ашып, түрлі сылтаумен көмек көрсетуді сұрап, хабарлама жіберген жағдайлар көбейіп кетті. Олар көбінесе қарызға ақша сұрап жатады», - деп хабарлады ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен.

Сондықтан өңір жұртшылығына барынша абай болу қажеттігі ескертілді.

«Осы орайда алаяқтардың арбауына түспеулеріңізді және осындай хабарлама алған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласуларыңызды сұраймыз», - делінген ақпаратта.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде