Ақтөбенің Хромтау ауданында із-түзсіз кеткен ер адамның денесі табылды
Ақтөбенің Хромтау ауданында ер адамның денесі табылды.
Фото: Астана әкімдігі
14:04 15.10.2024
Қазір осы іске қатысты тергеу жүріп жатыр. Хромтау ауданындағы кісі өлімінен соң полиция тергеуді бастап, қылмыстық іске қатысы бар деген күдікпен екі адамды ұстады.
– Хромтау қаласында мәйіттің табылу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу барысында екі адам анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта сот 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын санкциялады. Іс бойынша барлық сараптамалар тағайындалды, тергеу жалғасып жатыр, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.
Полиция ер адамды бөлшектеп тастады деген ақпаратты растамады, жоққа да шығармады.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!