{metadescription}
Доллардың ресми бағамы белгілі болды

Доллардың ресми бағамы белгілі болды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,12 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 488,11 теңге.

Ұлттық банктің 1 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 488,26 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,03 теңге. Еуро – 530,54.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 488 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 489,2 теңге. Еуро 530 – 532 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 487 теңге, сатып алу құны – 492 теңге.Еуро 527 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.

Ресей рублі 4,97 - 5,07 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде