{metadescription}
Венера Калимова Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды

Венера Калимова Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды

Венера Калимова ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы әділет министрінің бұйрығымен Венера Қамысбайқызы Калимова Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Венера Калимова Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын, Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

1995–2001 жылдары — Ақтөбе облысы Әділет басқармасы заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің жетекші маманы, бас маманы.

2001–2017 жылдары ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті Заңды тұлғаларды тіркеу басқармасында жұмыс істеп, бас маман қызметінен бастап департамент директоры болып жұмыс істеді.

2017-2019 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ басқармасы аппаратының Жылжымайтын мүлік департаментінің директоры қызметін атқарды.

2023 жылдан бастап осы уақытқа дейін ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаментінің директоры болып қызмет етті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде