{metadescription}
Шымкентте есірткі жарнамалайтын 18 телеграм канал бұғатталды

Шымкентте есірткі жарнамалайтын 18 телеграм канал бұғатталды

Шымкент қаласының прокуратурасы заңсыз есірткі заттарын жарнамалау деректерін анықтады.

Бұл туралы Шымкент қаласының прокуратурасы мәлім етті. Қазақстан Республикасы Бас Прокурордың тапсырмасын орындау мақсатында қала прокуратурасымен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз тұлғалармен есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, жарнамалау және сатумен айналысатын телеграм каналдары анықталды.

Атқарылған жұмыс нәтижесінде «Кибернадзор» жүйесі арқылы есірткі заттарын жарнамалайтын 18 телеграм каналдары бұғатталды.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде