{metadescription}
Қазақстанда техникалық байқау жүргізуге рұқсат беретін уәкілетті орган анықталды

Қазақстанда техникалық байқау жүргізуге рұқсат беретін уәкілетті орган анықталды

Елімізде техникалық байқау операторларының қызметіне екінші санаттағы рұқсаттар беруге уәкілетті орган айқындалды.

Бұл туралы қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. 

«Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі техникалық байқау операторларының қызметіне екінші санаттағы рұқсаттар беруге уәкілетті орган болып белгіленсін», - делінген құжатта. 

Жоба 2024 жылғы 3 қазанда қабылданған көлік құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша «Жол қозғалысы туралы» заң шеңберінде әзірленді. Қаулы 2025 жылғы 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі, ал 18 қарашаға дейін жұртшылық талқысына ұсынылып отыр.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде