{metadescription}
Қазақстанның оңтүстігінде күн суытады

Қазақстанның оңтүстігінде күн суытады

Қазақстан Республикасының басым бөлігінде ауырқысымды алқаптардың жылдам ауысуы жағдайында тұрақсыз күн райы сақталып, жауын-шашын, жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ, екпінді жел, тұман болжанып отыр, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 

«5 қарашада батыста, 6 қарашада солтүстікте, 6-7 қараша күндері республиканың шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болжанып отыр. Тек 5 қарашада солтүстік және солтүстік-батыс облыстарда жауын-шашынсыз күн райы болады», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Республиканың шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында кезеңнің соңына қарай ауа температурасы төмендейді: түнде -3 градустан +5 градусқа дейін, таулы аймақтарда -8 градус, күндіз 0-7 градус аяз, таулы аймақтарда -2 градусқа дейін төмендейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде