{metadescription}
2025 жылы бірнеше медициналық анықтама электронды түрде беріледі

2025 жылы бірнеше медициналық анықтама электронды түрде беріледі

Келесі жылдан бастап кейбір медициналық анықтамалар қағаз түрінде берілмейді, олар электронды форматқа ауыстырылады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ербол Оспанов мәлім етті.

«Келесі жылдан бастап 8 медициналық анықтама, оның ішінде науқас парағы және еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама тек электрондық түрде беріледі. Енді пациенттерге қағаз анықтамаларды өзімен бірге алып жүру қажеттігі жоқ. Азаматтардың келісімімен электронды анықтамалар талап етілген мекемелерге жіберіледі. Аталған қызметтерді электрондық форматқа көшіру үшін қазіргі уақытта «Амбулаториялық-емханалық көмек» АЖ арқылы ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деді Ербол Оспанов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша, азаматтар жеке басына қатысты медициналық деректерді «EGOV mobile» мобильді қосымшасындағы «eDensaulyq» бөліміне кіріп, қол жеткізе алады.

Келер жылдан бастап төмендегі медициналық анықтамалар электронды форматқа көшіріледі:

- Науқас парағы;

- 075/у медициналық анықтама;

- 026/у дәрігерлік-консультативтік комиссия қорытындысы;

- 073/у көлікті басқаруға рұқсат туралы анықтама;

- 069 / у «шипажай-курорттық карта;

- 052-2 / у баланың денсаулық паспорты;

- 076 / у қаруға рұқсат алу;

- 038 / у еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде