{metadescription}
Батыс Қазақстанда 7 мың адам салық декларациясын тапсырмаған

Батыс Қазақстанда 7 мың адам салық декларациясын тапсырмаған

Батыс Қазақстан облысында салық декларациясын тапсырмаған адамдарға банк есепшоттары бойынша операциялар жүргізу тоқтатылады.

БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінен мәлім еткеніндей, жыл басынан бері облыста жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі аясында 64 мыңнан астам адам (заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары мен қатысушылары, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары) активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсырған.

«Декларация тапсыру мерзімі 16 қыркүйекте аяқталды. 5 қарашадағы мәлімет бойынша облыста 7 мың адам декларация тапсырмаған. Оларға салық заңнамасына сәйкес салықтық есепті мерзімінде тапсырмағаны жөнінде хабарламалар жіберілді. Мұндай салық төлеушілер хабарлама алған сәттен бастап 30 жұмыс күні ішінде декларацияны тапсыруы немесе соның себебін түсіндіруі тиіс. Декларация тапсырмағандарға Салық кодексінің 118-бабы 1-тармағына сәйкес банкілік есепшоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтату жөнінде шаралар қолданылады. Адамдар салық төлеушінің кабинетін (cabinet.salyk.kz), «Электронды үкімет» (egov.kz) порталын және «е-Salyq Azamat», «eGov mobile», Kaspi.kz, Halyk, Вcc.kz.кз мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, декларацияны электронды түрде тапсыра алады», - деп хабарлады ведомстводан.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде