{metadescription}
Павлодар облысында үлкен дүкен өртеніп кетті

Павлодар облысында үлкен дүкен өртеніп кетті

Павлодар облысының құтқарушылары жеке тұрғын үйдегі өртті сөндірді, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Бүгін түнде кезекшінің пультіне Павлодар облысы Ертіс ауылында дүкеннің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер дереу бір қабатты дүкендегі қызыл жалынды сөндіруге кірісті.

— Отты ауыздықтау жұмыстарына екпінді жел мен боран күрделендірді. Сағат 07:22–де жалпы 470 ш. м. ауданды шарпыған өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде