{metadescription}
Алматыда пәтерден есірткі жарнамасының QR коды бар 5 мың жапсырма табылды

Алматыда пәтерден есірткі жарнамасының QR коды бар 5 мың жапсырма табылды

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде прокуратураның үйлестіруімен Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімі мен Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері екі ер адамды ұстады.

Күдіктілердің үйін тінту барысында ақ ұнтақ заты бар 156 байлам табылған.

«Пәтерден есірткі сататын сайтқа арналған QR коды бар 5 мың жарнамалық жапсырма, электронды таразы және қаскөйлер есірткіні бөлшек саудада сату үшін пайдаланған басқа да құрал-жабдықтар анықталды және тәркіленді. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген ақ түсті ұнтақ заттар - «мефедрон» психотроптық заты. Бостандық аудандық полиция басқармасы есірткі заттарын сату дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде