Доллар бағамы көтерілді
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
17:08 11.11.2024
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 0,91 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 492,65 теңге.
Kurs.kz мәліметінше,қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 494,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 495,9 теңге.Еуро 526 — 530 теңге аралығында саудалануда.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 492 теңге, сатып алу құны – 497 теңге.Еуро 527 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.
Ресей рублі 4,99 – 5,11 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 11 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 491,71 теңге.Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,05 теңге.Еуро — 529,97.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!