{metadescription}
Қызылордада секс-құлдықта болған оқушы ісі бойынша алғашқы үкім шықты

Қызылордада секс-құлдықта болған оқушы ісі бойынша алғашқы үкім шықты

Қызылордада сыныптастары жыныстық құлдықта ұстады деген оқушы ісі бойынша алғашқы үкім шықты.

21 жастағы жігіттің үстінен "Қорқытып алу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сот оны 4,5 жылға бостандығынан айырды. Қызылорда қаласының №2 сотында процесс жабық өтті. Бұл жөнінде 11 қарашада облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

– Сотталушы Т. жәбірленушіні масқаралайтын мәліметтер жариялаймын деп, кәмелетке толмаған жәбірленушіден 700 мың теңге ақша тауып беруді талап еткен, сонымен бірге оның сөмкесінен 35 мың теңге ақшаны қорқытып алған, – деді соттың баспасөз қызметі.

Соттың мәліметінше, айыпталушының кінәсін жәбірленушінің жауаптары, оқиға орнын қарап-тексеру туралы хаттама, психология-психиатрия сараптама қорытындысы дәлелдеген. Сот жазаны жеңілдететін жайлар ретінде 21 жастағы жігіттің бұрын сотталмағанын және жас екенін ескерген. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Дереккөз: azattyq

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде