{metadescription}
Жоғары аудиторлық палата мүшесінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Жоғары аудиторлық палата мүшесінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі Михаил Бортниктің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты.

«М. Бортник Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі ретінде Парламент Мәжілісінің қаулысымен 2022 жылдың қарашасында тағайындалды. Қазақстан Президентінің Жарлығымен биылғы 7 қарашада ол Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болды. Осыған орай Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі Михаил Бортниктің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату ұсынысы енгізілді», - деді Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Татьяна Савельева.

Отырыс барысында палата депутаттары бұл ұсынысты қолдады.

Михаил Михайлович Бортник 1960 жылы дүниеге келген. 1982 жылы Павлодар индустриялды институтын, 2002 жылы Орталық Азия университетін тәмамдаған. Өнеркәсіптік жылу энергетика инженері, заңгер.

1982-1998 жылдары Ақтау қаласында техникалық құрал-жабдық жөндеу мастері. 1998-1999 жылдары Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 1999-2008 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.

Біраз жыл Парламент Сенатының депутаты қызметін атқарған. 2020 жылғы қыркүйектен бастап Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің мүшесі қызметін атқарып келді.

Ал 2022 жылы ҚР Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі қызметіне кірісті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде