{metadescription}
ҰҚК Алматыда жасырын есірткі зертханасын анықтап, жолын кесті

ҰҚК Алматыда жасырын есірткі зертханасын анықтап, жолын кесті

Осы жылдың 8 қарашасында ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхананың әрекетінің жолын кесті, деп жазады kazinform.

Психотроптық затты дайындау кезінде Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынған.

«Тінту барысында 7 кг астам дайын және 30 литр „мефедрон“ сұйық психотроптық заты, сондай-ақ зертханалық жабдықтар мен есірткі дайындауға арналған прекурсорлар алынды. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», — деп жазды ҰҚК баспасөз қызметінен.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде