{metadescription}
Алматы облысында жол апатынан 2 адам жарақат алып, 1 адам мерт болды

Алматы облысында жол апатынан 2 адам жарақат алып, 1 адам мерт болды

Алматы облысы Жамбыл ауданында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, 30 қарашада «Mercedes Benz 280» жүргізушісі Алматы-Бесмойнақ автожолының 77 шақырымында келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетеді. Нәтижесінде ол «Ford Focu»s автокөлігімен соқтығысқан және инерциямен «ВАЗ-2114» көлігіне соғылған.

Жол апатының салдарынан «Ford Focus» жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Түрлі жарақаттарымен екі жолаушы аудандық ауруханаға жатқызылды.

- Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өңір полициясы барлық жүргізушілерді рұқсат етілген жылдамдық режимін қатаң сақтауға және ҚР Жол ережелерін бұзбауға шақырады, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Дереккөз: kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде