Қар, тұман және көктайғақ - ТЖД алматылықтарға ескерту жасады
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті № 7 Қазгидромет дауылды ескертуінің негізінде Алматыда жексенбі күні, яғни 8 желтоқсанда қар жауып, туман және көктайақ күтілетіні туралы хабарлады.
Фото: Александр Павский/ Kazinform
11:12 08.12.2024
ТЖД мамандары дауыл туралы ескерту негізінде автокөлік иелеріне ағаштардың, электр желілерінің және басқа да бекітілмеген құрылымдардың астына автокөліктерді қоймауға кеңес берді.
Сондай-ақ құтқарушылар ауа-райына байланысты алматылық жаяу жүргіншілерді келесі ережелерді есте сақтауға шақырды:
- Көшелерді жол қозғалысы ережелерімен белгіленген орындарда өту керек;
- Жолдан өткен кезде, басқа істерге (ұялы телефонмен сөйлесу және т. б.) алаңдамаңыз.;
- Әрқашан алдыңыздың аяқтың астына қараңыз;
- Аяқ киімді дұрыс таңдауға назар аудару керек. Аяқ киім бұдырлы өрнегі бар тайғанамайтын материалдан жасалған тегіс табанды болуы тиіс;
- Қолыңызды қалтаңызда ұстамаңыз. Бұл сізге тайғақ жерде тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді;
– Тротуарлар, қалалық көлік аялдамалары, дүкендерге кіре берістегі баспалдақтар, тіпті өз үйінің кіреберісі - адамдар жиі жарақат алып құлайтын орындар.
- Есіңізде болсын , қар мен көктайғақ кезінде жүргізушінің көлікті жүргізу кезінде зейіні төмендеп, жолға мұқият қарай алмай, нәтижесінде жаяу жүргіншілердің қағып кетуі мүмкін, - делінген ТЖД ескертуінде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!