Қостанай облысында өртенген үйден бір әйел құтқарылып, 15 адам эвакуацияланды
Қостанай облысында ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде әйелді құтқарып, 15 адамды эвакуациялады.
Фото: ТЖМ
08:49 09.12.2024
Жітіқара қаласының 11-шағын ауданында бес қабатты тұрғын үйдің 1 қабатындағы пәтерде өрт орын алды.
- Шақыру орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерге асықты. Қатты түтінге және жоғары температураға қарамастан, өрт сөндірушілер пәтер иесін тез тауып, оны далаға шығарды.
Содан кейін құтқарушылар зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметіне тапсырды, - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 15 адамды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады.
Өрт 20 шаршы метр алаңда сөндірілді. Себебі анықталуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!