Жетісу облысында көлік ұрлап, ізін суытқан 33 жастағы ер адам ұсталды
Талдықорған қаласынан жеңіл көлікті ұрлаған 33 жастағы азамат Алматы облысы, Бесағаш ауылында тұтқындалып, қамауға алынды.
Фото: видеодан алынған скрин
10:35 09.12.2024
Тергеп-тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті Mercedes маркалы автокөлікті ұрлап, Бесағаш ауылына жасырынып үлгерген. Полиция қызметкерлері қылмыс жасаған азаматтың мекен жайын анықтап, жедел іс-қимылдың нәтижесінде оны тұтқындаған. Қазір көлік заңды иесіне қайтарылып, күдікті қамауға алынды.
– Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Заңнамаға сәйкес автокөлікті ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Кінәлі адамға мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл, 600 сағатқа дейін түзеу немесе қоғамдық жұмыстар, 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін, - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.
Айта кетейік полиция қызметкерлері азаматтарға мұқият болуды және өз мүлкін қорғау үшін барлық сақтық шарасын жасауды ескертеді.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!